Тұңғыш Президент күні: Меркіде бес бірдей дәрігерлік амбулатория ашылды

None
None
МЕРКІ. ҚазАқпарат –Жамбыл облысы Меркі ауданында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай бес бірдей дәрігерлік ғимарат пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауданға қарасты Тескентоған, Аққайнар ауылдарында, Талдыбұлақ ауылында, Сыпатай ауылында және Қазақ диқан ауылдарындағы фельдшерлдік акушерлік пунктер енді халық игілігі үшін қызмет ететін болады. Бұл медициналық нысандардың ашылу салтанаттарына аудан әкімі Мейірхан Өмірбек арнайы қатысып, мерекенің маңызына тоқталып, нысандардың ел игілігіне қалқысыз қызмет етуі керектігін баса айтты.

«Жалпы соңғы бес жылда Меркі ауданының Ақжол, Сарымолдаев, Ойтал, Ақтоған, Қызыл сай, Кентай, Ойтал, Ақермен ауылдарында амбулаториялық пунктер мен 250 келушіге арналған орталық емхана пайдалануға берілген еді. Енді жыл соңына дейін тағы жеті амбулоритялық нысанның ашылуы жоспарлануда. Сонымен Меркі ауданы жүз пайыз дәрігерлік пунктімен қамтылады. Заманауи типте салынған нысандар халықтың игілігіне айналарына сенімдіміз»,-деді аудан басшысы.

Айта кетейік, Ақаралы ауыл округіне қарасты Сыпатай ауылында ашылған ғимараттың жобалық құны - 30 миллион теңге. Мердігер «Жанайым құрылыс» компаниясы екі бірдей нысанның құрылысын аяқтап, пайдалануға берсе, Аққайнар ауылындағы ғимараттың құрылысын «НИК Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Бұл нысандарда медициналық қызмет сапасының стандарттары енгізіліп, материалдық-техникалық жабдықталу жұмыстары бірыңғай типке келтірілген. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі де өз деңгейінде жүзеге асырылуда.

Соңғы жаңалықтар