USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Тұңғыш Президент күні: «Көңілдің асыл пернесі» атты халықаралық конкурстың жеңімпаздары белгілі болды

2021 жылғы 29 қараша 14:09
Бөлісіңіз:
Тұңғыш Президент күні: «Көңілдің асыл пернесі» атты халықаралық конкурстың жеңімпаздары белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы Елбасы кітапханасында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Көңілдің асыл пернесі» атты халықаралық шығармашылық конкурстың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасы, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Халықаралық Түркі академиясы, М. Өтемісов атындағы оқушылар сарайы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі бірлесіп өткізген байқаудың қорытындысын жария етуге мәдениет саласының көрнекті өкілдері мен мемлекет қайраткерлері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конкурсқа биыл 167 өтінім келіп түскен. Оның ішінде Индонезия, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Татарстан, Қытай және Ресей өнерпаздары бар.

Марапаттау рәсімінің алдында сөз сөйлеген ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешев бұл шараның мәдениет дамуында үлкен рөл атқаратынын атады.

«Елбасымыз «Қазақстанның болашағы білімді жастардың қолында» деп айтқан болатын. Сондықтан бүгінгі шараны ұйымдастыршыларға Мәдениет және спорт министрлігінің атынан үлкен алғыс білдіреміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жолдауында Елбасымыздың саралы саясатын жалғастыру арқылы спорт пен шығармашылыққа жақын жастардың әлеуетін арттыру туралы тапсырма берген болатын. Сол мақсатта елдің әр бұрышында түрлі шаралар өтікізіліп, жұмыстар атқырылып жатыр. Мұның бәрі елдің болашағы үшін жасалып отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өнерге, мәдениетке деген қолдауының арқасында театрларымыз, концерттік ұйымдарымыз, музейлеріміз бүгінгі таңда халықаралық өнер ұжымдарымен терезесі тең өнер көрсетіп жүр. Елбасының кейінгі 30 жылдағы тікелей қолдауының арқасында елімізде қаншама театр, қаншама концерттік ұйымдар ашылды?! Соның бәрі өнерпаз жастардың талантын ұштап, талабын жану үшін жасалып жатыр», - деді министрдің орынбасары.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Светлана Айтбаева бастаған қазылар алқасы байқау жеңімпаздарын 4 аталым, екі жас санаты бойынша іріктепті. Сонымен, 167 үміткердің арасынан үздік шыққандардың тізімі мынадай:

«Елбасының сүйікті әндері толқынында» номинациясы (12-14 жас):

3 орын иегері – Эльзара Кураисова (Нұр-Сұлтан қ.),

2 орын иегері – Еңлік Байзақ ( Шымкент қ.)

1 орын иегері – Толғанай Біржанқызы (Нұр-Сұлтан қ.),

Осы аталым бойынша 15-17 жас аралығындағы жеңімпаздар:

3 орын – Виолетта Ткаченко (Нұр-Сұлтан қ.),

2 орын – Жарқынай Сағатбек (Алматы)

1 орын – Алиса Сухоносова (г. Павлодар, школа-гимназия № 9);

«Қасиетті домбыра» номинациясы (12-14 жас):

3 орын – Ерсайын Ерсұлтан (Нұр-Сұлтан қ.),

3 орын – Айым Сақы (Маңғыстау облысы)

2 орын – Аружан Өміртайқызы (Нұр-Сұлтан қ.),

1 орын – Ақнұр Махмұтова (Нұр-Сұлтан қ.),

Осы аталым бойынша 15-17 жас аралығындағы жеңімпаздар:

2 орын – Жанболат Олжабай (Нұр-Сұлтан қ.),

1 орын – Шыңғыс Асығатұлы (Павлодар облысы);

«Әсем әнім сырнайдай» номинациясы (12-14 жас):

2 орын – Алекс Кунг (Индонезия)

1 орын – Джесика Аурелия (Индонезия)

Осы аталым бойынша 15-17 жас аралығындағы жеңімпаздар:

3 орын – Юлия Евтеева, София Решетняк, Алина Толочилина (Ресей),

2 орын – Дастанбек Тауыпалдиев (Өзбекстан),

1 орын – «Gaben» дуеті (Индонезия).

Айта кету керек, шетелдік өнерпаздар арасында өткен «Әсем әнім сырнайдай» номинациясының жеңімпаздары онлайн байланыс арқылы марапатталды.

«Бабамнан қалған кең дала» номинациясы бойынша (12-14 жас):

1 орын – Ағаділ Увайдулла (Түркістан облысы),

«Осы аталым бойынша 15-17 жас аралығында:

1 орын– Данияр Смағұлов, Гауһар Мұзафар, Жансая Амантаева (Павлодар қ.).

Байқаудың бас жүлдесін «Нұр-Сұлтан қаласындағы № 66 мектеп-лицей оқушысы Рамазан Мансұр иеленді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT