Тұңғыш Президент күні: Ақтөбеде полиция қызметкерлері марапатталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық полиция департаментінде Тұңғыш Президент күні өтті. Мерекелік жиын кезінде қызметтік міндетін мүлтіксіз атқарып жүрген тәртіп сақшылары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ішкі істер органдарының ардагерлері мен жеке құрам мерекелік жиынға қатысты. Ақтөбе облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың құттықтауын жеткізді. Ол өз сөзінде 2019-2021 жылдарға арналған Ішкі істер органдарын қайта жаңғыртуға арналған Жол картасы іске асырылғанын, Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған істің оң нәтиже бергенін атап өтті.

Айта кетейік, Тұңғыш Президент күні қарсаңында қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып жүрген бір топ ішкі істер органдары қызметкерлері марапатталды.

«Жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы Мария Горбенко полиция майоры атанды. Екі қызметкер «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен, 3 қызметкер «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісі және 2 полиция қызметкері ҚР ІІМ грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ, 4 қызметкерге ҚР ІІМ Алғыс хат табыс етіліп, үшеуіне алғыс жарияланды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, мерекеге орай 7 қызметкерге полиция департаментінің грамотасы, 12-не алғыс хат табыс етіліп, 81-не алғыс жарияланды. Кейін полиция қызметкерлері мен облыстық халық шығармашылығы үйі көркемөнерпаздарының қатысуымен патриоттық әндер шырқалып, меркелік концерт көпшілік назарына ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар