Түн ішінде мылтықпен оқ атқан алматылық ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Алмалы» Тұрғын үй кешенінде түн ішінде оқ адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға видеосы әлеуметтік желіде жарияланған болатын. 8 тамызда «Алмалы» тұрғын үй кешенінің ауласында атылған оқ даусы шыққан.


«Түн ішінде музыканы барынша қатты қойған адамнан дауысты басуын сұраған екі тұрғын күтпеген жерден оқ тиіп, жазым бола жаздаған. Бұзақы тапаншасын алып шығып, оның сабымен біреуінің басынан ұрып, оларға қарата оқ ата бастаған. Алайда пистолет ішінде патрон болмаған. Тұрғындар бұзақыны қолын қайырып, полиция келгенше ұстап тұрған», - делінген жазбада.

Жарақаттанған тұрғын №7 ауруханаға барып басындағы жарақатты тіккізді.

Қалалық ПД хабарлауынша, бұл оқиғаға байланысты ҚР ҚК 293-бабының 2-бабымен сотқа дейінгі тергеу ісі тіркелді.

«Тергеу жұмыстарын Алатау аудандық ПБ жүргізіп жатыр. Пневматикалық тапанша 34 жастағы тұрғыннан тәркіленіп алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүүріп жатыр», - деді ПД.


Соңғы жаңалықтар