Тұмау мен коронавирусты бір уақытта жұқтыру қаншалықты қауіпті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қала тұрғындарына аралас инфекция қауіпі туралы ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аралас инфекция, яғни тұмау және коронавирус жұқтыру кез келген адамға, әсіресе созылмалы аурулары бар 65 жастан асқан адамдардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан алдын ала тұмауға және коронавирусқа қарсы вакцинаны салдырып алған дұрыс», - деді спикер.

Оның айтуынша, екі вакцина арасындағы аралықты сақтау керек.

«Егер адам коронавирусқа қарсы екпе алған болса, екі апта аралықты сақтауы тиіс, кейін екінші вакцинаны алуға болады. Ал егер сіз алдымен тұмауға қарсы вакцинаны салдырған болсаңыз, онда 2-4 аптадан кейін коронавирусқа қарсы вакцинаны ала аласыз»,- деп түсіндірді Жандарбек Бекшин.


Соңғы жаңалықтар