«Тұмар» телевизиялық бәйгесінің биылғы ерекшелігі неде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында «Тұмар» телевизиялық бәйгесі биыл несімен ерекшеленетіні айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұмар» телевизиялық бәйгесі биыл төртінші жыл қатарынан өтеді. Бұл жоба сапалы телевизиялық контентті анықтап, тілшілердің еңбегін бағалауға көмектеседі. Биыл 10 номинация бойынша 211 жұмыс ұсынылды. Өтінімдердің көбі «Үздік деректі фильм», «Үздік әлеуметтік жоба», «Үздік телевизиялық телехикая» номинациялары бойынша болды«, - дейді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы Ләззат Сүйіндік.

Тележурналист, продюсер Ләйлә Сұлтанқызы бұл жобаға биылғы жылы енгізіліп отырған ерекшеліктермен таныстырды.

»Осы жобаның қазылар алқасының мүшесі болғаныма екі жыл толды. Биыл аталған байқау жеңімпаздарына 1 млн. теңге сыйақы беріледі. Бұрын тапсырыс беруші телеарна марапатталып, тапсырысты орындаушы компаниялардың еңбегі еленбей, ортада түсініспеушілік болатын. Биыл осы мәселе ескеріліп, сыйақы продакшн компанияға берілетін болады. Бұрын интернет жүйесінде танымал болған, көп қаралым жинаған дүниелер «Тұмарды» жеңіп ала алмайтын, себебі идеология, тәлім-тәрбиеге көп ден қойылатын. Осы жолы келіп түскен өтінімдердің ішінде YouTube-та көп қаралым жинаған сериалдар, жүргізушілер, журналистер бар», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар