«Тұмар» телевизиялық бәйгесі көрерменсіз өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесін ұйымдастырушылары 13 наурызға жоспарланған салтанатты шара телевизиялық форматта көрерменсіз өтетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған шешім әлемдегі коронавирус пандемиясына байланысты алдын алу шарасын іске асыру мақсатында қабылданған.

12 наурыз күні ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстандағы коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай туралы» баспасөз мәслихаты өткен болатын. ҚР вице-премьері Ералы Тоғжановтың айтуынша, инфекцияның келуін болдырмау мақсатында 13 наурыздан бастап бұқаралық шаралар мерекелік, спорттық, жаппай мәдени шаралар, конференциялар, семинарлар, көрмелер өткізуге тыйым салынады.

Бәйгенің жеңімпаздары www.tvtumar.kz сайтында жарияланатын болады. Салтанатты марапаттау роәсімінің телевизиялық нұсқасы 15 наурызда «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі.


Соңғы жаңалықтар