«Тұмар - 2020» сыйлығының иегерлеріне 1 млн теңгеден беріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Тұмар» ұлттық телевизиялық сыйлығы 2020 жылдың 13 наурызында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазмедиа холл» киноконцерт залында салтанатты түрде тапсырылады. Осы жылы ұйымдастырушылар он номинация бойынша бір миллион теңгеден жүлде қорын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық сыйлықтың ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап.

Биыл төртінші рет өтетін «Тұмар» ұлттық телеарна сыйлығының өз ерекшелігі бар. Ұйымдастыру комитеті өткен жылдардағы қазылар алқасы мен кәсіби қоғамдастық мүшелерінің ұсыныстарын назарға ала отырып, «Тұмар» мүсіншесіне бір миллион теңге мөлшерінде ақшалай сыйақыны қоса беру туралы шешім қабылдады.

Биыл сыйлық он номинация бойынша тапсырылады: «Үздік телевизиялық сериал», «Үздік деректі фильм», «Үздік ток-шоу», «Үздік ойын-сауық бағдарламасы», «Үздік ақпараттық бағдарлама», «Үздік тележүргізуші», «Үздік тележурналист», «Үздік режиссерлік жұмыс», «Үздік әлеуметтік жоба», «Үздік аймақтық телеарна».

Әр номинация бойынша «Тұмар» сыйлығы мен бір миллион теңгені алуға төрт үміткер қатысады.


Соңғы жаңалықтар