Тұман, жел, үсік: 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 28 қыркүйек, дүйсенбі күні ауа райы қандай болатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады.

Тек шығыс және оңтүстік-шығыста атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Түркістан, Қызылорда, Манғыстау облыстарының кей жерлерінде жел екпіні - 15-25 м/с, шаңды дауыл соғады.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінле тұман түседі.

Қызылорда,Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді.

Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.


Соңғы жаңалықтар