Тұман, жел, көктайғақ - сейсенбіге арналған ауа райы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 20 қазанда елімізде күн ашық болады, кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батыста және солтүстікте атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты түнде және күндіз кей жерлерде жауын жаууы мүмкін. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, жел күшейеді, батыста түнде көктайғақ болады.

Ақмола, Жамбыл, Түркістан облыстарында, күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында, күндіз Атырау облысының кей жерлерінде жел күшейіп 15-20 м/с дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі, түнде көктайғақ болуы мүмкін.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында таңертең және күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде түнде минус 1 градус суық болады.

Соңғы жаңалықтар