Тұман, бұрқасын, көктайғақ - 17 қарашаға арналған ауа райы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 17 қарашада Қазақстанның шығыс бөлігінің ауа-райына циклон жырасы және онымен байланысты атмосфералық ауа ағындары әсер еткендіктен бұрқасын болып, қар жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ал батыс өңірлеріне солтүстік-батыс антициклоны әсерін тигізеді, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, ауа температурасы төмендеуі мүмкін. Республиканың кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін, жел күшейеді, оңтүстік және оңтүстік-шығыста көктайғақ.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болуы ықтимал, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, Павлодар облысында тұман болады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман.

Батыс Қазақстан, Қостанай, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Маңғыстау, күндіз Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, Түркістан облысында – тұман.


Соңғы жаңалықтар