Түлкібастық шаруалар 2 мың тонна алма жинады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы шаруа қожалығы 2200 тонна алма өнімін жинаған. «Жылдың үздік шаруа қожалығы» номинациясына лайық деп танылған қожалық қара өріктен 300 тонна өнім алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қожалық төрағасы Бейбіт Төлешовтың айтуынша, нәтижелі еңбектің арқасында биыл мол өнімге қол жеткізген. Кәсібі өркендеген шаруашылықтың қарамағында 260 гектар алма, 15 гектар қара өрік бауы және 2000 тонна қыс мезгілінде жеміс-жидек сақтауға арналған қоймасы бар. Әр гектарынан өнімділік көрсеткіші - алма 146, ал қара өрік 200 центнерді құрайды. Қожалықта алма бау көлемін ұлғайту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мәселен, биылғы жылы 15 гектарға қарқынды бау отырғызылған.

Кәсіпкер бүгінде 35 адамды тұрақты жұмыспен қамтыса, маусым кезінде еңбекке 150 адамға дейін жұмылдырылады. Сонымен қатар, кәсіпкер қайырымдылық шараларға белсенді атсалысып келеді. Атап айтсақ, жомарт жан пандемияның екінші толқынына дайындық кезінде орталық ауруханаға екі дана жасанды тыныс алу апараты мен бау-бақшасының бір күндік терілген 300 келі алмасын дәрігерлер мен медбикелерге таратқан.


Соңғы жаңалықтар