+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Түлкібаста түлектер көпбалалы отбасыға баспана алып берді

2020 жылғы 22 мамыр 15:26
Бөлісіңіз:
Түлкібаста түлектер көпбалалы отбасыға баспана алып берді

ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Түлкібас ауданында мектепті 20 жыл бұрын бітірген түлектер көпбалалы отбасыға бес бөлмелі үйді тарту етті. Күтпеген жерден баспаналы болған отбасы күні бүгінге дейін аудан орталығындағы жалдамалы пәтерде тұрып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хажібековтер жанұясы көп жылдан бері баспанаға қол жеткізе алмай, отағасының бірінші топ мүгедектігіне берілетін жәрдемақы мен атаулы әлеуметтік көмек қаржысына күнелтіп келген. Осыны ескерген түлкібастық азаматтар қасиетті Рамазан айында мұқтаж жанұяны қуантты. Абай атындағы мектеп лицейін 2000-шы жылы бітірген түлектер «Қамқорлық» жобасының қатысушысына аудан орталығынан тұрғын үй алып берді. Игі шараға аудандық мәслихат хатшысы С.Сейсенбаев пен жазушы, журналист М.Байғұт бастаған Абай мектебінің 56 жыл бұрын бітірген түлектері және ауданның бас имамы М.Серік арнайы қатысып, Хажібековтер отбасын жаңа қонысымен құттықтады. Шара соңында дәстүрге сай 2000 жылғы түлектер қайырымдылық эстафетасын 2001 жылғы түлектерге өткізді. Осылайша түлкібастықтар бүкіл қазақ еліне үлгі боларлықтай игі істі дәстүрге айналдырып отыр.

Айта кетейік, мұндай игі шара Түлкібас ауданында алғаш рет орын алып отырған жоқ. Соңғы екі жыл қатарынан дәл осы Абай мектеп лицейінің 1998 және 1999 жылы бітірген түлектері көпбалалы және мұқтаж отбасыларға баспана сыйлаған болатын. Одан өзге облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен қолға алынған «Қамқорлық» жобасы аясында тағы екі отбасы жомарт жандардың демеушілігімен баспаналы болып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT