Түлкібаста саятшылық өнерді насихаттайтын «Салбурын» фестивалі өтті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысындағы Түлкібас ауданында саятшылық өнерді насихаттайтын «Салбурын-2019» фестивалі басталды. Бүркіт баптап, тазы жүгірткен қазақтың төл дәстүрін жалғастыруға арналған фестивальге өңірдің қала-аудандарындағы саятшылар, олардың 15 бүркіт, 16 тазысы қатысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Салбурын - мереке ғой саятшыға» атты шарада сондай-ақ, облыстық тарихи-өлкетану және бейнелеу өнері музейлері этнографиялық көшпелі көрме ұйымдастырды. Онда музейлер қорындағы атбегі, құсбегі, саятшылық, аңшылық тақырыптарындағы жəдігерлер мен суреттер қойылды.null

Шара аясында бүркіт баптау мен құмай тазыларды аңшылыққа баулу, аңға салу жайында ой-пікірлер айтылып, іс жүзінде ел алдында көрсетілді. Оңтүстік өңіріне белгілі құсбегілер өз кәсіптерінің қыр-сыры туралы әңгімелеп, саятшылық дәстүр туралы толғандырған сұрақтарға жауап берді.null

Айта кетейік, Салбурын - қазақтың қысқы мерекелік дәстүрлерінің бірі. Қыс маусымында аңшылар мен саятшылар топталып, бірнеше күнге аң аулауға шығады. Саятшылыққа жаны құмар қазақтар үшін қан сонарда аңға шығу, одан олжалы оралу қысқы мереке ретінде танылған.

null

Соңғы жаңалықтар