Түлкібаста халық көп жүретін жерлерге дезинфекциялайтын құрал орнатылып жатыр

None
None
ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Түлкібас ауданында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен арнайы мамандар залалсыздандыру өткелін жасап шығарды. Бүгінде жаңа құрылғы сынақтан өтіп, сала мамандарының қолдауына ие болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, коронавирус пандемиясының алдын алу мақсатында залалсыздандыру өткелдері аудан орталығындағы «Қазпошта» мен «Халық банкі» және «Халықтық кеңсе» ғимараттарының алдына аудан тұрғындары мен сол мекемелерде қызмет атқаратын мамандардың қауіпсіздігі үшін орналастырылуда.

Алдағы уақытта жаңа құрылғы аудан орталығындағы халық шоғырланатын мекеме алдарына және «Шақпақ» бекетіне лн орналастыру жоспарлануда.

Залалсыздандыру өткелі үйшік тәріздес, ішінен адам өтуге ыңғайластырылған. Адам өткен кезде арнайы дайындалған залалсыздандыру сұйықтығын бүрку арқылы автоматты түрде 8 секунд шашып, барлық қатерлі микробты өлтіре алады.


Соңғы жаңалықтар