Түлкібаста еріктілер 62 мыңнан астам бетпердені таратты

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Түлкібас ауданында 62 мыңнан астам медициналық бетперде тігіліп, халыққа тегін таратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Аудан әкімдігінің бастамасымен қолға алынған шараның мақсаты – бетперде тапшылығын жою. Осыған байланысты әкімшілік тарапынан бетперде тігуге қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, жұмысқа еріктілер тартылды. Бұл игі іске ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлер, ұстаздар атсалысты.

Дайындалған бетперделер ауыл тұрғындарына, мектеп қызметкерлері мен оқушыларға және дәріханаларға тегін таратылды. Осылайша еріктілердің белсенді көмегінің арқасында аудандағы бетпердеге деген сұранысты азайып отыр.


Соңғы жаңалықтар