Түлкібаста бірнеше көлік қар құрсауынан шығарылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Түлкібас ауданынан қар құрсауынан бірнеше көлік шығарылған. Аудандық полиция қызметкерлері көлігі арыққа түсіп кетіп, қарға көміліп қалған жүргізушіге көмек көрсеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция майоры Әлімжан Қарақұлов пен полиция аға сержанты Жалғасбек Піртаев жол бойында әуре сарсаңға түсіп жатқан жүргізуші мен бірнеше еріктілерді байқайды. Екі полицей де олардың қасына келіп, көлікті қар құрсауынан өз күштерімен шығармақшы болады. Алайда 4-5 адамның күші қарға батып қалған көлікті шығаруға жетпейді. Содан соң тәртіп сақшылары ауыр көліктердің көмегіне жүгінеді. Жолда кетіп бара жатқан тракторды тоқтап, оның күшімен жеңіл көлікті шығарып алады. Өз кезегінде полиция қызметкерлерінің бірден көмекке ұмтылып, жанашырлық танытқанына жүргізуші ризашылығын білдірген.

Айта кетейік, қыс мезгілі басталғалы бері Түлкібас ауданында осындай қолайсыз жайтқа тап болған 4 көлікке көмек көрсетілген.






Соңғы жаңалықтар