Түлкібаста бақташы өзіне сеніп тапсырылған қойларды сатып жіберген

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Түлкібас ауданында бақташы өзіне сеніп тапсырылған қойларды сатып жіберген. Малдың иесі біршама уақыттан кейін қойларын түгендеуге барғанда 10 бас саулығының жоқ екенін анықтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қойларын жоғалтқан жергілікті тұрғын полицияға арызданған. Ол өз арызында ауданның ауылдарының біріндегі шаруа қожалыққа 15 бас саулық қойын апарып, бағуға сеніп қосқанын жеткізген. Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы куәгерлерден жауап алып, жақын аймақтарды аралап шыққан. Үш тәуліктен соң бұл қылмысқа жәбірленуші малын сеніп тапсырған бақташының қатысы бар екені анықталған. Ол Жамбыл облысының тұрғыны болып шықты. Жауап алу кезінде өз кінәсін толық мойындаған.

«Тергеу барысында бақташы қойларды түрлі бағаға бағалап, Түлкібас ауданында сатып жібергені белгілі болды. Ақшасын өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Тәртіп сақшылары сатылған малдарды тәркілеп, заңды иесіне қайтарған. Қазіргі таңда бақташы Түлкібас АПБ-не жеткізіліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы «қолхатта» делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар