Түлкібаста ата-ана қамқорлығынсыз қалған бір үйдің 6 баласына баспана тарту етілді

None
None
ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – Түлкібас ауданында ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға 5 бөлмелі баспана тарту етілді. Қасиетті рамазан айында «Харекет» қайырымдылық қоры тағдыр тәлкегін бастан өткерген 6 балаға аудан орталығынан тұрғын үй алып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түлкібас ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Қасымбек тұрғын үйдің кілтін тапсырып, ізгі тілегін жеткізді.

Айта кетейік, осы күнге дейін 5 жасөспірім мен олардың кәмелет жасына толған әпкесі Нұрсұлу Шалыпова нағашы апасының қолында тұрып келген. Нұрсұлу Абайқызы бүгінгі таңда аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде бағдарламалық қамтамасыз ету маманы болып жұмыс істейді.

Соңғы екі жылдан бері бұл отбасы аудан әкімдігінің қамқорлығында болып, оларға жан-жақты қолдау көрсетіліп келген.

Өз кезегінде көп жылдар бойы бес бауырымен қиыншылықта өмір сүріп келген бойжеткен аудан әкімдігіне, «Харекет» қайырымдылық қорына және жаны жомарт жандарға алғысын жеткізді.


Соңғы жаңалықтар