Түлкібаста аналар саябағы бой көтеруде

None
None
ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Түлкібас ауданына қарасты Түлкібас кентінде аналарға сый-құрмет пен айрықша ықыластың белгісі ретінде «Аналар саябағы» салынуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы жылдың тамыз айында бастау алған саябақты абаттандыру жұмыстары желтоқсан айында аяқталады деп күтілуде.

Аталған аймақтан саябақтың ашылуы кент тұрғындарына үлкен қуаныш сыйлағалы отыр. Себебі, айналасы толығымен абаттандырылған саябақ аумағында балалар ойын алаңшасы мен стритворкаут бой көтеріп, таза ауада серуендеуге барлық жағдайлар жасалынатын болады. Халық игілігі үшін бой көтеріп жатқан бұл нысан, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қойылған міндеттерді орындаудың бір көрінісі.

Соңғы жаңалықтар