Түлкібас ауданында жаңа көпір салынды, жолдар жөнделуде

None
None
ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданында көп жылдардан бері көпір салу мәселесі шешімін таппай келген еді. Міне енді жаңа көпір ел игілігіне берілді. Сондай-ақ, Түлкібас кентінде 15 көше жөндеуден өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі күнге дейін Қарағашты ауылының тұрғындары аудан орталығына бару үшін өзеннен өтуі тиіс болған. Амалсыздан 3 шақырым жолды айналып өтіп, жаяу қатынап келген еді. Биыл осы өзеннің үстінен көпір құрылысы қолға алынып, тапсырылды. Сондай-ақ, мұнда түнгі жарықтандыру шамдары қойылған. Мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына да барлық жағдайлар қарастырылған.

Ал, Түлкібас кентінде «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында жолдар ретке келтірілуде. Ауылдағы жолдар ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізіліп, қараша айында пайдалануға берілмек.


Жалпы, аудан аумағында ұзындығы 67,88 шақырым болатын 54 жолға күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда аталмыш жолдардың 8-і толық пайдалануға берілген. Қалған жұмыстар биылғы жылдың қыркүйек-қазан айларында аяқталады деп жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар