+7 (701) 759 90 19
USD 405.66 EUR 454.70
RUB 5.71 CNY 57.43
Jańalyqtar

Түлкібас ауданында ауыл тұрғынын атқан күдікті ұсталды

2020 жылғы 3 маусым 12:04
Бөлісіңіз:
Түлкібас ауданында ауыл тұрғынын атқан күдікті ұсталды

ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Түлкібас ауданында ауыл тұрғынын атқан күдікті ұсталды. Тергеу барысында ол жәбірленушіні бір танысымен шатастырып алғанын айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда АДК сауда үйінен жарылғыш  зат табылмады Алматы облысында анасымен сөзге келіспеген бозбала үйінен қашып кеткен Қытайда нөсер салдарынан 14 адам қаза тауып, 8 адам жоғалып кетті

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық оқиға аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылында орын алған. Аудандық ауруханаға жедел жәрдем қызметімен оқ жарақаты тиген тұрғын жеткізілген. Жедел-тергеу тобына оқиғаны баяндаған жәбірленуші үйінен шыққанда есігінің алдына нөмірі жоқ Мерседес көлігі келіп тоқтағанын айтқан. Оның ішінде отырған белгісіз біреулердің атқанын, салдарынан жарақат алғанын жеткізген. Осыдан кейін күдіктіні іздестірген тәртіп сақшылары оны 12 сағаттан кейін қолға түсірді. Тұлғасын анықтау барысында көрші ауылдың тұрғыны екені анықталды, ол жасаған қылмысын мойындаған. Күдікті жәбірленушіні басқа біреумен шатастырып алғанын, онымен біраз уақыттан бері ұрыс-керісте болғанын айтқан. Сондықтан кек алу мақсатында оқ жаудырған болып шықты.

«Ұсталған тұрғынның үйін тінту барысында 16 калибрлі аңшы мылтығы тәркіленіп, уақытша тергеу абақтысына жабылған. Қазіргі уақытта осы жәйтке қатысты Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT