Тұқым субсидиясына қосымша 4,6 млрд теңге бөлінуі мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы министрлігі Мәжіліс өкілдерінің тұқым шаруашылығындағы проблемалар туралы депутаттық сауалына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаровтың атынан жолданған жауапта тұқым шаруашылығын дамытуға берілетін қаржы Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының жарғылық капиталын ұлғайту арқылы бөлінетіні айтылған.

«2020 жылы облыстардың жергілікті бюджеттерінде тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 11,4 млрд. теңге көзделген. 2020 жылғы республикалық бюджетті нақтылау шеңберінде осы субсидиялау бағытына қосымша 2,6 млрд. теңге бөлінді. Бұл 125,5 мың тонна тұқымды, оның ішінде 233 млн. теңгеге 2,5 мың тонна бірегей тұқымдарды субсидиялауға мүмкіндік берді», - деді вице-министр өз жауабында.

Айдарбек Сапаров биыл бұл мақсатқа жұмсалатын қаржы көлемін 1,6 есе ұлғайту көзделіп отырғанын айтады.

«2021 жылы облыстардың жергілікті бюджеттерінде тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 11,8 млрд. теңге, оның ішінде бірегей тұқымдарды субсидиялауға 212 млн. теңге көзделген.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі Қаржы министрлігіне республикалық бюджеттен тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 4,7 млрд. теңге, оның ішінде бірегей тұқымдарды субсидиялауға 157 млн. теңге көлемінде қосымша бюджеттік өтінім жіберді. Осылайша, республика бойынша бірегей тұқымдарды субсидиялауды қаржыландыруды 1,6 есеге ұлғайту көзделіп отыр», - делінген ведомствоның жауабында.


Соңғы жаңалықтар