Трансшекаралық өзендер саласындағы келіссөз комиссияларына ерекше мәртебе берілмек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Трансшекаралық өзендер саласындағы Қазақстанның келіссөз комиссияларына ерекше мәртебе беру мәселесі қарастырылуда. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарын басқару және пайдаланудың жеткілікті тетігі жасалған. Ол «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңында анықталған. Сондай-ақ уәкілетті органның қызметіне бақылау жасауды қамтамасыз етеді. Жаңа Экологиялық кодекстің (бұдан әрі – Экокодекс) редакциясына кешенді экологиялық рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) ретінде құрал енгізіледі. Рұқсат ең үздік қолжетімді техникаларды қолдану есебімен беріледі. Ол бәрінен бұрын суды тұтыну деңгейін төмендетуді немесе экологиялық тиімділікті көтеру бағдарламасын беруді ұсынады«, - деді Асқар Мамин.

Премьер-Министрдің атап өтуінше, су қорының жерлері шегінде, сондай-ақ ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жер асты суларының учаскелерінде және кен орындары контурларында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды өткізуге тыйым салу Су кодексінің 120, 125-баптарында және Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану кодексінің 25-бабында қарастырылған.

»Осыған сәйкес Экокодекстің жаңа редакциясында көрсетілген тыйымға кіретін учаскелер үшін экологиялық талаптар көзделген. Су үнемдеу технологияларын енгізу, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау мен пайдалану үшін, сондай-ақ елдің су қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар үшін жауапкершілікті күшейту және трансшекаралық өзендер саласындағы Қазақстанның келіссөз комиссияларына ерекше мәртебе беру мәселелері де заңнаманы жетілдіру аясында қарастырылады. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламада ескерілетін болады«, - деді Үкімет басшысы.


Соңғы жаңалықтар