Транскаспий халықаралық бағытында жаңа контейнерлік пойыз іске қосылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алғаш рет Сиань (Қытай) - Измит (Түркия) бағытындағы контейнерлік пойыз Қазақстан арқылы Транскаспий халықаралық көлік бағытымен (ТХКБ) жүріп өтті. Бұл туралы «ҚТЖ» компаниясы баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Пойыз Республика аумағына Алтынкөл шекара бекеті арқылы келді. Кейін пойыз TХКБ бағдарымен жүк Ақтау портына өтіп, Баку портына фидерлік кемемен, одан әрі Әзербайжан мен Грузия аумақтары арқылы Түркияға жеткізіледі.

Әртүрлі тұтыну тауарлары тиелген 41 қырықфуттық контейнерлерден тұратын пойыз жөнелту пунктінен межелі жерге дейінгі қашықтықты 16 күн ішінде жүріп өтеді.

«Транзиттік байланыста 2020 жылдың үш айында Транскаспий бағыты арқылы 1,1 мың ЖФЭ (жиырмафуттық эквивалент) тасымалданды», - деді «KTZ Express» АҚ Бас директоры Дмитрий Абдуллаев.

Оның айтуынша, маршрут қазақстандық экспорттаушыларға өз өнімдерін Әзербайжанға, Грузияға, Түркияға, сондай-ақ Қара және Жерорта теңіздерінің порттарына жеткізуге мүмкіндік береді, сонымен қатар компания қолайлы тарифтік жағдайларды жасау мен трансқазақстандық бағытқа жүк көлемін тарту бойынша тұрақты жұмыс істейді.


Соңғы жаңалықтар