Трамп импичменті: Іс Сенатқа жіберілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Өкілдер палатасы Дональд Трамп импичментіне қатысты құжаттарды Сенатқа жіберу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси тиісті құжаттарға қол қойды. Енді Сенат Президентті қызметінен босату немесе босатпау туралы шешім қабылдайды. Айта кету керек, Сенат Трамптың республикалық партиясы өкілдерінің бақылауында.

Президентке өз қызметін асыра пайдаланды және Конгресс жұмысына кедергі келтірді деген айып тағылып отыр.


Соңғы жаңалықтар