Тойдағы жарылыстан қаза тапқандар саны 63-ке жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауғанстан астанасы Кабулдағы үйлену тойында болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 63-ке жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат reuters.com-ға сілтеме жасап.

Бұдан тыс, Ауғанстан ІІМ мәліметінше, 182 адам зардап шеккені анықталды.

Бұған дейін жарылыстан 40-тан астам адам опат болып, жүзге жуығы жараланғаны туралы ақпарат тараған болатын.


Соңғы жаңалықтар