Той тойлауға асықпайық - Алтынбек Қоразбаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әнші, композитор, Қазақстанның Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев Қазақстан халқын Жаңа жыл мерекесінде карантин талаптарын сақтауға шақырып, пікір білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Мереке қарсаңында тұрмыз. Сондықтан барша қазақстандықтарды сақтық шараларын қатаң түрде сақтауға шақырамын. Көршілес Ресей елінде барлық шараларды өткізуге тыйым салды. Бізде де карантин күшейіп келеді. Халқымыз аман болса, әлі талай тойға барады, мерекені атап өтеді. Алдымызда қазақ халқының жаңа жылы - Наурыз мерекесі келе жатыр. Ол уақытқа дейін індеттің беті қайтып, жағдай жақсарады деген үлкен үміт бар. Той тойлауға асықпайық. Тәртіпке бағынып, ақ халатты абзал жандардың күнделікті айтып жатқан сақтық шаралары туралы ақыл-кеңесіне назар салайық», - деді Алтынбек Қоразбаев.

Қазақстанның Халық әртісі қазақ халқын Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, келер жылы әр отбасыға табыс пен бірлік тіледі.


Соңғы жаңалықтар