Төтенше жағдайлар министрі халық алдында есеп береді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 21 мамырда сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің халық алдында есеп беру кездесуі өтеді, деп хабарлайлайды ҚазАқпарат.

Министрге қойғыңыз келген сұрақтар мен ұсыныстарды [email protected]электрондық мекенжайына жіберуге болады, немесе Call-орталығының 8(7172) 32-32-89, 53-32-79 телефондарына хабарласыңыздар.

Есеп беру кездесуі онлайн режимде ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Facebook ресми парақшасында және Youtube арнасында тікелей эфирде өткізілетін болады.

Сұрақтар ағымдағы жылғы 21 мамырға дейін қабылданады.


Соңғы жаңалықтар