Төтенше жағдайлар қызметкері қайғылы жағдайдың алдын алып, өзі жарақаттанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодарда Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері газы шығып тұрған баллонды үйден алып шығу кезінде жарақаттанды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

26 қазан күні сағат 19.33-те Павлодар қаласының ТЖ басқармасына Павлодар қаласы әкімдігінің өкілінен Уәлиханов көшесі 36 мекенжайында газдың шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

ТЖД Дағдарыс жағдайларында бақ сару басқармасына үй иесінен сағат 19.45-те хабарлама келіп түсті. Осы уақытқа дейін Павлодар қаласы ТЖ басқармасының қызметкері Сабыржан Тастембеков аталған мекенжайға барды. Келгеннен кейін вентильдің жарамсыздығынан газдың шығып жатқаны анықталды. Жарылыс қаупі болғандықтан, ол үй иесімен бірге газ баллонын эвакуациялау туралы шешім қабылдады. Газ баллонын шығару кезінде газ-ауа қоспасының тұтануы орын алып, 40 шаршы метр алаңда тұрмыстық заттар жанған. Оқиға орнында 8 адам болған.


Өрт сөндірушілер келгенге дейін күйік шалып, 1957 жылы туған үйдің иесі ауруханаға жатқызылды, оның денесінің 35%-ын күйген. Ал 1985 жылы туған ТЖ басқармасы қызметкерінің бетін, аяқ-қолдарын күйік шалды.

Өрт сөндірушілердің күшімен 1937 жылы туған әйел терезе арқылы эвакуацияланды және Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырылды, медициналық көмекке мұқтаж емес. Өртті сөндіруге 18 қызметкер мен 5 бірлік техника жұмылдырылды.


Соңғы жаңалықтар