+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

Төтенше жағдайлар комитетінің жеке министрлік болуға толық құқы бар - Мұхтар Құл-Мұхаммед

2020 жылғы 21 ақпан 19:05
Бөлісіңіз:
Төтенше жағдайлар комитетінің жеке министрлік болуға толық құқы бар - Мұхтар Құл-Мұхаммед

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед жеке Төтенше жағдайлар министрлігін құруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Көптеген мемлекеттерде жеке министрлік болып отырған Төтенше жағдайлар министрлігі дейтін үлкен ведомство бар. Егер Қазақстанның жер көлемі әлемдегі тоғызыншы мемлекет дейтін болсақ, онда мұндай үлкен мемлекетте Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің жеке-дара министрлік болуға толық құқы бар. Әзірге, бұл сала Ішкі істер министрлігінің құрамында болып отыр. Міне, сол себепті бұл министрліктің жұмысы Сенаттың назарында болған және болып қала береді», - деді М. Құл-Мұхаммед Парламент Сенатындағы Үкімет сағатында 2019-2021 жылдарға арналған ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша Жол картасын іске асыру тақырыбын талқылау барысында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сенаттағы Үкімет сағатында ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полицейлердің саны 11 пайызға қысқартылғанын айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT