Төтенше жағдай: Таразда 360-тан астам білім және спорт мекемелері жұмысын тоқтатты

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласында санитарлық-эпидемиологиялық іс-шараларды күшейту бағытында мобильдік топтар 1154 нысан бойынша рейдтер жүргізді. Нәтижесінде 361 білім беру және спорт мекемелері өз жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мамандандырылған төрт ұйым Тараз қаласындағы барлық аялдамаларда күн сайын дезинфекция жұмыстарын жүргізуде. Бұл бойынша 42 адамнан тұратын 18 бригада құрылған. Олар 12 техниканың көмегімен күніне екі рет 513 автобус аялдамасын дезинфекциялайды.

Жұмыс істеп тұрған барлық дәмхана, мейрамхана, қонақүй, денсаулық сақтау ұйымдары, діни мекемелер, базарлар, сауда орталықтары мен дүкендерде дезинфекциялық іс-шаралар өткізіліп, түсіндіру ақпараты бар стендтер мен антисептиктер орнатылған.

Адам көп жиналатын сот, халыққа қызмет көрсету орталықтары, полиция бөлімдері, уақытша ұстау изоляторы және қабылдау-тарату орындарында залалсыздандыру шаралары атқарылған.

Тараз қаласындағы 10 дәріханада күн сайын 30 мың медициналық маска сатылуда. Сонымен қатар, жергілікті кәсіпкерлердің бастамасымен төрт мыңнан астам медициналық бетперде дайындалуып, көпбалалы аналарға тегін таратылуда.


Соңғы жаңалықтар