Төтенше жағдай қызметкерлері биыл 71 адамды судан құтқарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде суға түсу маусымы басталғалы бері құтқарушылар 71 адамды аман алып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Суда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖК алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Күн сайын азаматтық қорғау органдары мен полиция қызметкерлерінің қатысуымен рейдтер және патрульдер жүргізіледі», - деп хабарлайды комитеттен.

Жалпы жыл басынан бері еліміздің су айдындарында 93 адам, оның ішінде 20 бала құтқарылған. Ал суға шомылу маусымы басталғаннан бері (1 маусымнан бастап) 71 адам, оның ішінде 12 баланы құтқарушылар қауіптен арашалап алған.

«Мәселен Ақмола құтқарушылары бір күнде облыстың көлдерінде сегіз адамды құтқарды. Кеше Зеренді, Бурабай аудандары мен Көкшетау қаласының көлдерінде сегіз адам құтқарылды. Мәселен, Көкшетау қаласында 2002 жылы туған жігіт автокөлік камерасымен жағадан алыс жүзіп кетіп, өз бетінше қайтып келе алмады. Бурабай ауданында төрт адам қайықпен «Бурабай» көлінің ортасында жүзіп жүргенде қайық тесіліп, оған су тола бастаған. Адамдар қайта уақтылы құтқарылды», - делінген хабарламада.

Сол күні Щучье көлінде құтқарушылар жағадан алыс жүзіп кеткен екі қызды құтқарды. Ал, Зерендіде қыз баланы матрасымен бірге жел айдап әкеткен. Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

ІІМ ТЖ комитеті азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар