Төтенше жағдай кезінде той жасаған түркістандық 26 мың теңге айыппұл төлейтін болды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Төтенше жағдай кезінде той жасаған түркістандық тұрғын небәрі 26 510 теңге айыппұл төлейтін болды. Түркістан қаласының мамандандырылған әкімшілік соты өз үйінің ауласында той жасаған азаматқа қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық соттың мәліметінше, аталған азаматқа қатысты әкімшілік іс ҚР ӘҚБтК 476-бабының 3-бөлігімен қаралған.

«Сотта М. өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтқан. Соттың қаулысымен М. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 476-бабы 3-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 26 510 теңге айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енбеген» делінген соттың Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшада.

Еске сала кетейік, кеше Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде той жасаған тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылған болатын.


Соңғы жаңалықтар