Төтенше жағдай кезеңінде қазақстандықтар онлайн-жаттығулардың қай түріне қызығушылық танытты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаев төтенше жағдай режимі кезеңінде онлайн-жаттығулардың қай түріне қызығушылық көбірек болғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі онлайн-жаттығуларды өткізу бойынша жобаға бастамашылық етті. Осы акцияны қолдаған барша спорт сүйер қауымға алғыс айтқым келеді. Спорт комитеті төрағасы Серік Сәпиевтің жетекшілігімен онлайн-жаттығулар ұйымдастырылды. Осы орайда түрлі челлендждер жалғасын тапқанына қуандық. Оны мәдениет саласының, спорт ұйымдарының өкілдері белсенді түрде қолдады», - деді С. Жарасбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, желідегі жаттығуларға 100 мыңнан астам қатысты.

«Статистикаға сүйенсек, боксшылар Айбек Оралбай мен Нұрбек Оралбайдың жаттығуларын тамашалағандар көп болды. Сонымен қатар, аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұловты да атап өтуге болады.

Айта кетейік, біздің дзюдошыларымыздың жаттығулары аса қызығушылық тудырды. Менің ойымша, біз баршамыз спорттың жекпе-жек түрлеріне көбірек мән береміз, сондай-ақ осы бағытта біздің спортшыларымыз жетістіктерін жіті бақылап жүреміз», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар