+7 (701) 759 90 19
USD 399.51 EUR 447.33
RUB 5.78 CNY 56.10
Jańalyqtar

Төтенше жағдай: Әлихан Смайылов бюджетті қалыптастыру тәртібі туралы айтты

2020 жылғы 17 наурыз 18:25
Бөлісіңіз:
Төтенше жағдай: Әлихан Смайылов бюджетті қалыптастыру тәртібі туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бюджетті қалыптастыру министрліктер мен ведомстволардың мәліметтерінің негізінде ірілендірілген есептеулер бойынша жүргізілетін болады. Бұл туралы ҚР Үкіметінде өткен брифингте Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда коронавирустың таралуына қарсы іс-шаралар күшейтілуде. Барлық ұйымдар мен нысандарда санитарлық-эпидемиологиялық шараларды жүргізу, дәріхана желілерін дәрі-дәрмектермен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету бойынша шаралар күшейтілетін болады. Ірі сауда желілерімен және азық-түлік тауарларын жеткізушілермен, сондай-ақ әкімдіктермен бірлесіп барлық қажетті өнімдер мен барлық бірінші қажеттіліктегі тауарларды үздіксіз жеткізу мәселесі шешілетін болады.

Елімізде азық-түлік пен дәрі-дәрмектер жеткілікті көлемде бар, алдын ала сауда жасап, дүрбелең тудырудың жөні жоқ.

«Президент «Экономиканы тұрақтандырудың бұдан кейінгі шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды, онда салық салу, мемлекеттік сатып алулар және бюджетті пайдалану бойынша ерекше жағдайлар атп көрсетілген. Төтенше жағдай кезеңінде республикалық бюджетті қалыптастыру және орындау бойынша да ерекше тәртіп енгізіледі. Бюджетті қалыптастыру министрліктер мен ведомстволардың деректерінің негізінде ірілендірілген есептеулер бойынша жүргізілетін болады», - деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, бұл бюджет өтінімдерін қарастыру мерзімін қысқартып, қажетті бюджет шығыстарының бағыты мен көлемін жедел анықтауға мүмкіндік береді.

Бұл ретте, бюджетті нақтылау Жарлық жобасын ҚР Президентіне ұсыну арқылы жүзеге асырылатын болады.

Бюджетті орындау кезінде қарастырылады:

келісімшарттары тіркеу және төлем жүргізуді тоқтата тұру мүмкіндігі, бұл бекітілген бюджет бағдарламаларын толық көлемде қаржыландыру мүмкін болмаған жағдайда міндеттемелердің өсуін болдырмауға мүмкіндік береді;

Үкіметке бір бюджеттік бағдарлама әкімшісінен екіншісінің пайдасына қаражатты алу арқылы бюджет қаражатын ауыстыру, сондай-ақ республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының арасында және өңірлердің арасында қаражатты бөлу құқығын беру.

Мысалы, қолданыстағы бюджеттік заңнама бойынша нысандар құрылысында түрлі сараптамалар мен техникалық-экономикалық есептеулер, мемлекеттік органдар арасында келісу қажет. Жедел шаралар қабылдау қажеттігін ескере отырып, Үкімет жоғарыда аталған рәсімдерді қысқарту туралы шешім қабылдады.

Дағдарысты жағдай кезеңінде мемлекеттік сатып алулардың арнайы тәртібі жұмыс істейтін болады.

«Бұл кезеңде отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін мемлекеттік сатып алулар жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын тауарлар мен оларды өндірушілердің тізімін айқындайтын болады. Мұндай тауарларды мемлекеттік сатып алу жедел әрі жеңілдетілген түрде, тек отандық өндірушілер арасында жүргізіледі», - деді Әлихан Смайылов.

Бұл сатып алулар баға ұсыныстарының сұранысы арқылы жүзеге асырылады, жеткізушіні таңдау рәсімі 5 жұмыс күнінен аспайды. Бұл шара жұмыс істеп тұрған бизнесті қолдап қана қоймай, жаңа өндірістерді ашуды ынталандыратын болады.

Баршаға белгілі қалыптасқан дағдарысты жағдайларда Үкімет өте жылдам үн қатуы тиіс, мысалы: жедел маскалар немесе қорғаныш құралдарын сатып алу, аурухана салу т.б. Бұл ретте, конкурстық рәсімдер 45 күннен 60 күнге дейін созылуы мүмкін. Осыған байланысты жұмыс тобына бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу үшін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді, жекелеген жеткізушілерді анықтау бойынша өкілеттіліктер беріледі.

Бұл ретте, ірі және маңызды сатып алулар (2 млрд теңгеден асатын) Қазақстан Республикасының Президентімен келісілетін болады. Қалған барлық мемлекеттік сатып алулар жалпыға бірдей тәртіппен жүзеге асырылады.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» жаңа жобасын іске асыру ұсынылады, оған 300 млрд теңге бөлінеді. Бұл қаржы өңірлерге бағытталып, жаппай жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамту нарығындағы жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Инфрақұрылымдық жобалар аясында бұл инфрақұрылым нысандарын, әлеуметтік нысандарды - мектептерді, ауруханаларды, жолдарды т.б. ағымдағы күрделі жөндеу, яғни, қандай да бір елді мекендегі аса өзекті мәселені шешуге бағытталады. «Бизнестің жол картасы - 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары аясында біздің бизнесті несиелендіруді қаржыландыру көлемін едәуір арттыру жоспарланған», - Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі.

Оның айтуынша, бүгінде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына 600 млрд теңге бөлінген, оның аясында өңдеу өнеркәсібі мен агроөнеркәсіптік кешендегі жобалар қаржыландырылды. Қазіргі сәтте бұл қаржыландыруды 1 трлн теңгеге дейін арттырып, бұл бағдарламаның бүкіл экономиканы, оның ішінде сауда, қызмет көрсету салаларын қамтуы ұсынылады. Бұл жағдайда қарыз алушылар өз жобаларын іске асыру, жаңа бизнес бастау немесе жұмыс ісетп тұрған бизнесін кеңейту үшін төмен пайызбен - жылдығы 6% болатын ұзақ уақыт бойы қаржыландыруды ала алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT