Төтенше жағдай: Алаяқтардан қалай қорғану керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қазақстандықтарға төтенше жағдай кезінде алаяқтардың әрекеттері көбеюі мүмкін екендігін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондықтан Агенттік түрлі заңсыз әрекеттерден сақтанудың жолдарын ұсынады.

1-тәсіл: Пароль мен кодты ешкімге бермеу

Ешкімге ешқашан парольді, кодтарды немесе төлемдерді растау үшін пайдаланылатын өзге де құпия деректерді айтпаңыз. Қауіпсіздіктің заманауи жүйелері парольдар мен кодтарды басқа адамдарға берілмейтіндей етіп жасайды.

2-тәсіл: Сілтеме жіберетін бейтаныс адамдардың URL-мекенжайларын тексеру

URL-мекенжайларын тексеріңіз. Әсіресе бейтаныс жіберушілерден алынған сілтемелерді тексеріңіз. Алаяқтар көбінесе жазылуы бойынша ұқсас доменді пайдаланады.

3-тәсіл: сайтарда HTTPS:// префиксінің болуын тексеру

Құпия ақпаратты, мысалы, пароль енгізуді қажет ететін сайтарда HTTPS:// префиксінің болуын тексеріңіз.

4-тәсіл: Браузер хабарламасына назар аудару

Заманауи браузерлердің көбінде фишинг-шабуылдарға қарсы іс-қимыл тетіктері болады. Қауіп-қатер туралы браузердің хабарламасына назар аудару қажет.

5-тәсіл: Шотыңызды бұғаттау үшін код сұраса – сөйлесуді тоқтату

Егер сіз өз банкіңіздің интернет-банкингі жүйесінде, әсіресе төлемдер жасауға ниеттенсеңіз және ұйымның сайты немесе парақшасы фейк екен деп күмәндансаңыз – сол ұйыммен байланысып, ақпаратты нақтылаңыз. Банктегі менеджерлер клиентке бірінші болып қоңырау шалмайды. Егер қоңырау шалып, сіздің шотыңызды бұғаттау үшін SMS код сұраса, телефонмен сөйлесуді тоқтатып, бірден банкке хабарласыңыз. Қол қоятын барлық құжаттарды мұқият оқып, көрсетілген деректердің дұрыстығын салыстырыңыз.

Еске сала кетсек, бұған дейін төтенше жағдай кезінде алаяқтар қолданатын 5 тәсіл туралы жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар