«Торпедо» хоккей клубының жаңа бас бапкері тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өскемендік «Торпедо» хоккей клубының бас бапкері болып Алексей Ждахин тағайындалды. Ол командамен 2016/2017 маусымында жұмыс істеген, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Алексей Ждахин өскемендік жанкүйерлерге кеңінен танымал. Оның басшылығымен клуб екі рет Жоғары хоккей лигасының (2015, 2016) жартылай финалына шығып, 2015/16 маусымының біріншілігінде жақсы нәтиже көрсетті.

«Торпедо» Жоғары хоккей лигасының (ЖХЛ) тұрақты чемпионатында жеңіске жетіп, Братина кубогының (2016/2017) финалына жолдама алған еді. Бұл команданың ЖХЛ-де өнер көрсеткен уақыт ішінде ең үздік жетістігі болды.

Соңғы жаңалықтар