Топар көлдерінде қырылған балықтардан сынама алынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Балқаш ауданындағы Топар көлдерінде балықтардың қырылуы тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бапасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«2021 жылғы 1 сәуірде Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Топар көлдер жүйесінде балықтардың қырылу фактісін анықтады. Мұндағы су айдындарын «Заготпушнина» ЖШС балық шаруашылығы мен «Патриот» АБҚБ нысандарын бақылауына берілген. Өзара іс-қимыл схемасы бойынша балықтардың қырылу фактісіоқиға анықталған сәтте-ақ барлық жауапты органдарға жедел хабарланған», - деп жазылған ресми мәліметте.

Балықтың қырылу себебін анықтау үшін оқиға орнына Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының мамандары мен «Заготпушнина» ЖШС және «Патриот» АБҚБ қорықшылық қызметінің қызметкерлері тексеруге шықты.

Ведомство өкілдері «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС мен Алматы облыстық экология департаментінің, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясының қызметкерлері де су мен балық сынамаларын алуға баратынын айтады.


Соңғы жаңалықтар