Тоңазытқыштағы сәби өлімі: Перинаталдық орталық дәрігерлері жұмыстан кетіп жатқаны туралы ақпарат — жалған

None
None
ТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлері бұрынғы әріптестеріне шығарылған сот үкіміне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, перзентхана қызметкерлері кінәлі деп танылған экс-дәрігерлерге тағайындалған жазаның мерзімін қысқартуға ұсыныс жасаған.

«Ешкім сот үкіміне қарсы емес. Алайда, жазаны жеңілдетуге қастысты шаралар қолдануға болады деген үмітіміз басым. Өйткені, әріптестерімізге қатысты шығарылған үкім тым қатаң. Осындай өте күрделі жағдайда медицина қызметкерлері қалыпты режимде жұмыс істеп, тікелей міндетін атқара алмайды. Бұдан кейін, енді жетіліп келе жатқан жас медицина қызметкерлерінің көзінен қандай жалын, қандай от көруге болады?» - дейді Асқар Кенжеғалиев.

Оның айтуынша, сот үкімімен келіспеген орталықтың ұжымы жаппай жұмыстан кетуге арыз бергені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

Медицина қызметкерлерімен Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбеков, облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова, мәслихат депутаттары кездесіп, талап-тілектерін тыңдады.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда тоңазытқыштағы сәби өліміне қатысты перзентхана дәрігерлеріне сот үкімі шыққанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар