USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Төлеутай Рақымбеков жеке қосалқы шаруашылық туралы заң жобасына пікір білдірді

2021 жылғы 29 қараша 18:58
Бөлісіңіз:
Төлеутай Рақымбеков жеке қосалқы шаруашылық туралы заң жобасына пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі Төлеутай Рақымбеков талқыланып жатқан «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» заң жобасы жайында пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мәжіліс депутаттық мандаттарды бөлуге қатысты заң жобасын мақұлдады Мәжіліс ЕАЭО-ның электр энергетикалық нарығына қатысты құжатты мақұлдады АҚШ-та шот ашқан қазақстандықтар туралы ақпарат алу мүмкін болады

Айта кетейік, аталған құжат «Ашық НҚА» порталында орналастырылған еді.

«Заңнама бойынша кез келген нормативтік-құқықтық актілердің жобасы қоғамдық талқылау үшін заң жобасын даярлаушы мемлекеттік органдардың порталдарында орналастыруы тиіс. Осы орайда «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» заң жобасы да осындай рәсімнен өтті. Тиісті уақытта құжатқа қатысты 1 500-ге жуық жауап келіп түсті. Соның арасында 900-і позитивті болса, 600-і теріс пікірде жазылған. Әр осындай теріс пікірге жауап беріп отырдық. Атап айтқанда, бір пікірді қайта-қайта бір адамдар қалдыра берген. Мәселен, бір адам 40 мәрте аталған заң жобасына қарсы екенін жазған. Осы теріс пікірдің біразын қалдарғандардың арасында фитнес клубтың бапкері, сән салонының бет әрлеушісі, көлік жөндеу орнының қызметкері болып шықты. Осы адамдар заң жобасына қарсы екенін білдірген. Егер дәйекті мысалдарды келтіріп, салмақты пікір жазса, түсінер едік. Ал жай ғана «заң жобасына қарсымын» деп қысқа қайырғанында ешбір уәж жоқ», - деді Т. Рақымбеков Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен брифингіде.

Оның айтуынша, осындай заңнаманы қабылдау туралы алғашқы идея 2003 жылдың жазында пайда болды.

«Заң жобасы 2003 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігінде әзірленді, алайда 2004 жылдың қаңтарында заң жобалары бойынша ведомствоаралық комиссиясының отырысында оған қарсылық танытқандар пайда болды. Олар сол кезде бұл заң жобасын «азаматтардың жеке меншігіндегі мал басын шектеуге әрекет жасалып жатыр» деп түсінген еді. Оған қарамастан, құжат Парламентке енгізілген болатын, алайда үш жылға жалғасқан талқылаудан кейін 2007 жылы министрлікке қайтарылды. Сонымен қатар, 2017 жылы жеке қосалқы шаруашылық туралы заң жобасын даярлау бастамасына министрлік қайта оралды. Бірақ 2017 жылдың соңында министр ауысып, аграрлық саясат та түбегейлі өзгерді. Басымдық ретінде ірі агоробизнес назарға алынды. Енді үшінші рет бастама ретінде көтерілген қадамдар сәтті болады деген ойдамын. Көптеген елдердегідей жеке қосалқы шаруашылық туралы заңы пайда болатын уақыт жетті. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті тапсырмасы бар», - деді Төлеутай Рақымбеков.

«Біздің Конституциямыз жекеменшікті қорғауға кепілдік беріп отыр. Сондықтан жеке қосалқы шаруашылық туралы заң жобасының мақсаты жеке меншіктегі мал басын шектеуді көздемейді. Құжаттың тұтас мәтінінде азаматтардың жеке меншігіндегі мал басын шектеуге қатысты бірде-бір сөзді таппайсыздар», - деді министрдің кеңесшісі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда жеке қосалқы және ұсақ шаруа қожалықтарының жиынтық үлесіне азық-түлік тауарларын өндірудің басым үлесі тиесілі - шамамен 70-80%.

Мысалы, олар барлық түрдегі сүттің 90% - ын, ашық жердегі көкөністердің 84% - ын, картоптың 83% - ын және сою салмағындағы барлық түрдегі еттің 70% - ын өндіреді. Жалпы, жеке қосалқы шаруашылықтың үлесіне бүкіл ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің жартысына жуығы тиесілі. Сонымен қатар, ұйымдасқан агроқұрылымдардан, сол шаруа қожалықтарынан немесе заңды тұлғалардан айырмашылығы, жеке шаруа қожалықтары мұны ешқандай мемлекеттік қолдаусыз жасайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT