Төлен Әбдік: Қоғамның маңызды бөлігі ретінде БАҚ-қа демократия қажет

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Отандық БАҚ саласын дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел жиынында Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы Төлен Әбдік журналистикаға еркіндік қажет екенін айтты.

« Журналистикада еркіндік керек. Қалам ұстаған қауымға одан басқа ештеңенің керегі де жоқ. Президент демократияны дамытуға баса мән беріп жатыр ғой. Қоғамның маңызды бөлігі ретінде БАҚ-қа да демократия қажет. Томас Манның «Театр халықты ұлтқа айналдырады» деген сөзі бар. Мұны журналистикаға қатысты да осылай айтуға болады. БАҚ – қоғамды өзгерте алатын құрал. Ал оның еркіндігі болмаса, қоғамды өзгертпек түгілі қара басын алып жүруі қиын болуы мүмкін», – деді Т.Әбдік.


Соңғы жаңалықтар