Төлемдерді алуға негізделген ресурстар штаттық режімде істеп тұр – Еңбек министрлігі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 4 сәуірдегі таңғы жағдай бойынша қазақстандықтардан төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындауға 351 777 өтініш қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«4 сәуірдегі таңғы сағат 9-дағы жағдай бойынша қазақстандықтардан төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ( МӘСҚ) әлеуметтік төлем тағайындауға 351 777 өтініш қабылданды. Оның ішінде eGov порталы арқылы – 292 281, 42500.enbek.kz сайты арқылы – 59 496 өтініш берілді. Екі ресурс штаттық режімде жұмыс істеуде. Сонымен қатар оларда бір уақытта азаматтардың 65 мыңға дейінгі өтініші өңделеді, оның ішінде eGov-та –35 мың, 42500.enbek.kz сайтында – 30 мың өтініш», - делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарламасында.

42500.enbek.kz сайтында өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды қоса алғанда, барлық бекітілген санаттар үшін әлеуметтік төлем алуға өтінім беру мүмкіндігі іске асырылды.

«Өтініштерді қарау және төлем тағайындау мерзімі 3 жұмыс күнін құрайды. МӘСҚ-тан төлемдер қазірдің өзінде 68 614 адамға, оның ішінде проактивті форматта, яғни азаматтардың өтініштерінсіз (бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер үшін) тағайындалды», - деп атап өтілген ведомство мәліметінде.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылу жағдайына байланысты МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем мөлшері бір адамға айына 42,5 мың теңгені (ең төменгі жалақы) құрайды. Ол келесі санаттағы азаматтарға тағайындалады:

- орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері;

- жеке кәсіпкерлер;

- жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор);

- бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер;

- нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдар;

- карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері.


Соңғы жаңалықтар