Төлебилік науқасқа күрделі лапароскопиялық ота жасалды
Облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, шалғай аудан тұрғындары бұған дейін облыстық клиникалық ауруханаға жолданатын. Емдеу мекемесіне биылғы жылы арнайы медициналық құрал-жабдық алынып, тұрғындар сапалы емді аудан ауруханасынан қабылдайтын болған.
Аталған аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Қарлығаш Омарованың айтуынша, бұл тәсілмен бүйрек пен бауыр ауруларының көптеген түрін емдеу жоспарлануда. Дәрігерлер осы мақсатта біліктіліктерін арттырып, тәжірибе алмасқан. Қазіргі таңда ота бөлімінде орта және кіші буын қызметкерлерін қоса алғанда 26 медицина қызметкері жұмыс істейді. Биылғы жылдың өзінде мұнда 400-ге жуық ота жасалған. Бөлімшеде өт қалтасындағы тасты алу, жарыққа және кеуде мен асқазанды емдеуге арналған ота түрлері жасалып келеді.