Төлеби ауданының әкімі ауыл тұрғындарының мәселелері талқыланған жиынға қатысты

None
None
ТӨЛЕБИ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Төлеби ауданына қарасты Алатау ауылдық округінде ауыл тұрғындарының мәселелері талқыланған жиын өтті.

Аудан әкімі Бауыржан Омарбековтың қатысуымен өткен жиында елді мекендерді көгілдір отынмен қамту және үй іргелік жерлерді тиімді пайдалану жайы сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауыл тұрғындарының қатысуымен өткен жиында аудан басшысы орынбасарлары мен бөлім басшыларының зерделеу жұмыстарының нәтижесін тыңдады.

Баяндамашылардың мәліметінше, округте 63 демалыс орны бар. Олардың 13-і ауданға тіркелмей жұмыс жасауда. Анықталған 25 котедж бен саяжайлар тұрғын үй мақсатында есепке алынып, кәсіпкерлік нысандарының қатарына қосылмай отыр. 9 қымызхана тіркеліп жұмыс жасаса, оның 4-еуі тұрғын үй ретінде тізімге енген. Үй іргелік жерлерін тиімді пайдаланып, көкөніс дақылдарын егіп жатқан 921 үй бар. Алатау, Қосағаш елді мекендеріндегі жол бойлары күл-қоқыстардан тазартылмаған. Қайнар, Нысанбек, Жаңатұрмыс елді мекендері тұрғындарының газға қосылуы баяу жүріп жатыр.

Бауыржан Омарбеков айтылған талдаулардан соң, округ тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Бірлесіп атқаруға болатын жұмыстарды сөз етті. Оның ішінде газға қосылу бойынша ауылдық округ әкімдігі тарапынан түсіндірме жұмыстарын жүргізу және үй іргелік жерлерін тиімді пайдалану, округтің тазалық жұмыстары уақытында жасау сынды мәселелер бар.

Соңғы жаңалықтар