Төлеби ауданында мектептің жанынан салынған қосымша ғимарат пайдалануға берілді

None
None
ТӨЛЕБИ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Төлеби ауданында Білім күні мерекесіне орай мектептің жанынан салынған қосымша ғимарат пайдалануға берілді. Киелітас елді мекеніндегі М.Әуезов атындағы орта мектептің жаңа оқу блогының ашылу салтанатына аудан әкімі Бауыржан Омарбеков қатысып, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңадан салынған 200 орындық қосымша ғимаратта мектептің асханасы мен шеберханасы, кітапханасы мен акт залы бар. Сондай-ақ сәулетті спорт залда оқушылар жене шынықтыру сабағын өтуіне жағдай жасалған. Оқушыларға әрқашан тынымсыз ізденісте, қай кезде де білім алып, ерінбей еңбектеніп, тек жақсы жетістіктеріңмен, жоғарғы көрсеткіштеріңмен қуанта беріңдер»,- деді аудан әкімі. Айта кетейік, ауданда бірнеше мектеп кезең-кезеңімен жөндеуден өтіп жатыр. Мұндай жұмыстар Ленгір қаласындағы №4 Қ.Сәтбаев атындағы мектепте жүргізілді. Сонымен қатар, Қасқасу жалпы орта мектептерінің ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Көксәйек елді мекеніндегі 100 орындық бастауыш мектебінің құрылысы басталса, қаладағы №1, №5 мектеп гимназиялары, Ақбастау жалпы орта мектебінің қосымша құрылыс жұмыстары мен Қ.Тыныбеков атындағы жалпы орта мектебінің спорт залы келер жылы пайдалануға берілетін болады.

Соңғы жаңалықтар