Төлеби ауданында Конституцияның 24 жылдығы аталып өтті

None
None
ЛЕҢГІР. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Төлеби ауданында Қазақстан Республикасы Конституциясының 24 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Аудандық мәдениет үйіне ағылған халық әнұранды шырқап, еліміздің ең басты мемлекеттік құжатына құрмет көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мерекелік жиынды ашып берген аудан әкімі Бауыржан Омарбеков мемлекетіміздің бүгінгі жетістігі Ата заңымызбен тікелей байланысты екенін атап өтті.

«Біздің Конституциямыз Қасым ханның «Қасқа жолы», Есімханның «Ескі жолы», Әз-Тәукенің «Жеті Жарғысынан» алынған баптар негізінде жазылды. Сол заңдардың аясында біздің қазіргі Ата Заңымыз мазмұнды да мағыналы болды. Соның арқасында біз бүгінгі бейбіт өмірге жеттік. Жалпы халықтық референдумда қабылданған Негізгі заң – Қазақстанның тұрақтылығы мен прогресінің негізі болды. Бұл күн бізді рухтандырып, Қазақстанды одан әрі дамытуға шабыт беріп, жаңа мүмкіндіктер сыйласын! Осы айтулы мереке қарсаңында ынтымағы жарасқан еліміздің бағын асыратын, мерейін тасытатын үлкен істе баршаңызға сәттілік тілеймін!», - деді Бауыржан Омарбеков.

Жиын барысында ел игілігі үшін белсенді қызмет етіп жүрген азаматтарға аудан әкімінің алғыс хаты, аудандық мәслихат хатшысының грамотасы табысталды. Салтанатты шараның соңы жергілікті мәдениет үйінің қызметкерлері ұсынған мерекелік концертке ұласты.

Бұл күні сондай-ақ, аудандық кеңесші органының кезекті отырысы өтті. Жиынды аталмыш органның төрағасы Рабиға Бейсебаева ашып, жүргізді. Жиналысқа кеңесші топтың дербес құрам мүшелері, құқық қорғау қызметкерлері, квота белгіленген мекеме басшылары қатысты. Күн тәртібінде ИЧ 167/9 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқандар мен пробация қызметі бөлімінің есебінде тұратын сотталғандар арасында «30 тамыз – Конституция күніне» орай мәдени, спорттық іс-шаралар өткізу мәселесі айтылды.

Сондай-ақ, қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелер мен конституциялық-кеңесші орган мүшелері, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету мақсатында Қазақстанның көрікті жерлеріне саяхат ұйымдастру мәселелерін қарау жөнінде талқыланды.

Соңғы жаңалықтар