+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Төлеби ауданында Абай аллеясы салынып жатыр

2020 жылғы 8 тамыз 16:06
Бөлісіңіз:
Төлеби ауданында Абай аллеясы салынып жатыр

ТӨЛЕБИ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Төлеби ауданында Абайдың 175 жылдығына орай Абай аллеясының құрылысы жүргізілуде. Жаңа аллея аудан орталығындағы Әйтеке би көшесінің бойында орналасқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Абай мерейтойы: Ел өңірлері Семей қаласын абаттандырып жатыр Францияда Абай мұрасын насихаттап жүрген қазақ қызы мәдениет саласының үздігі атанды Румынияда Абайдың бюсті ашылды

Аллеяда ұлы ақынның еңселі ескерткіші орнатылатын болады. Демеушілер қолдауымен бой көтеретін мүсіннің биіктігі – 3 метр, тұғыры – 2 метрді құрайды. Жобаның құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Шұғыла-2002» ЖШС-гі жүргізуде.


Айта кетерлігі, мұнда балалар үшін ойын алаңшалары мен спортпен шұғылдануға арналған құрылғылар орнату жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстары толықтай аяқталған соң, саябақты көгалдандыру да қолға алынбақ. Өз кезегінде аллея тұрғындардың тынығуына, дене шынықтыруы мен серуендеуіне қолайлы жағдай туғызатын болады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT