Төле би ауданында еріктілер ауруханаларға 300 литр саумал-қымыз үлестірді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Төле би ауданындағы ауруханаларға еріктілер 300 литр саумал-қымыз үлестірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған игі шараны аудандық ішкі саясат бөліміне қарасты Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Аурухана дәрігерлері мен ем алушылар еріктілерге алғыс айтты. Сонымен қатар, аудандағы демеушілердің қолдауымен 500 дана «Парацетомол» дәрісі аудан орталығындағы дәріханалар алдында тұрғындарға тегін таратылды. Оның 100 данасы Леңгір қалалық ауруханасына берілді.

Ал, Созақ ауданында жергілікті кәсіпкер ауруханаға 2 тыныс алу аппаратын сыйлады. Нұрланов Базарбай қазіргідей қиын сәтте аудан халқына көмек қолын созып, талай аурудың өміріне араша болуға өз септігін тигізгісі келетінін айтқан. Бұл оттегі концентраторы Шолаққорғандағы орталық және Таукент кентіндегі ауруханаларға табыс етілді.


Соңғы жаңалықтар