Токиодағы ойындарды ұйымдастыру комитетіне жаңа басшы тағайындалады

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат – Ёсиро Моридің отставкасынан кейін Токио қаласындағы Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің жаңа басшысы болып Олимпиада кентінің мэрі Сабуро Кавабути тағайындалады. Бұл туралы ҚазАқпарат Ти-би-эс телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Кавабути 1984 жылы дүниеге келген. Ол – бұрынғы футболшы, қазіргі кезде Жапон футбол қауымдастығының кеңесшісі қызметін атқарып келеді.

Жұма күні «Токио-2020» ұйымдастыру комитеті атқарушы кеңесінің отырысы өтуі тиіс. Бұл шешімнің соның барысында қабылдануы әбден мүмкін.

Мори спорт комитеттері мен федерацияларда әйелдер санын көбейту олардың отырыстарын ұзартуға әкеледі деп айтқан сөзіне байланысты туындаған жанжалдан кейін көзге түскен.

Ұйымдастыру комитетінің басшысын Ойындардың бірқатар саясаткерлер мен демеуші компаниялар (соның ішінде «Тойота») сынға алған.

Жапонияның оппозициялық партиялары бірлесіп ел үкіметінен Моридің отставкаға кетуін тездетіп шешуді талап етпекке ниетті. Бұдан басқа, Олимпиада алауы эстафетасының 500-ге жуық қатысушысы мен еріктілер бұған наразылық ретінде жұмыстан бас тартқан.

Токиодағы Олимпиада 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамыз күндері аралығында өтуі тиіс, алайда пандемияға байланысты 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығына ауыстырылған. Бұл ретте Ойындардың «Токио-2020» деген атауы сақталып қалды.


Соңғы жаңалықтар